Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ҚЫЛМЫСТЫ ЕСЕПКЕ АЛУ-ТІРКЕУ ТӘРТІБІ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ҚЫЛМЫСТЫ ЕСЕПКЕ АЛУ-ТІРКЕУ ТӘРТІБІ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Қалалық полиция департаментінің қызметкерлері құқық бұзушылықтарды есепке алу-тіркеу саласын талқылады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 4 человека, люди учатся и текст
Жиынға департаменттің басшылығы, жеке құрамы және ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің аға прокуроры Ботабек Нурманов қатысты.
Жиналыс барысында есепке алу-тіркеу — сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізудегі басты қадамдардың бірі екені және маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.
Осы орайда, департамент және аудандық полиция басқарма қызметкерлеріне аталған саладағы жұмыстарды тиісті деңгейде ұйымдастырып, тәртіпті нығайту бойынша ай сайынғы салыстыра тексеруді жан-жақты және толыққанды жүргізуді туралы айтылды.
Возможно, это изображение 3 человека, помост и текст
Орын алған жайттарға үңіле қарап, арыз шағымдар бойынша уақытылы және негізді шешім қабылдап, қылмысты есептен жасыру фактілері орын алмау қажеттігі туралы ескертілді.
Сондай-ақ, мұндай бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бірнеше ұсыныстар айтылды.
© Didarbek.kz

Пікір жазу