Түркістан облысында жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері сот орындаушылармен бірлесіп «Қорғау-қауіпті жүргізуші» бағдарламасының көмегімен берешекті төлемеген жүргізушілердің көлік құралдарын анықтау жұмыстарын жалғастыруда, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәселен, Сайрам ауданында қызмет атқару барысында патрульдік полицияның планшетіне жүк көлігіне қатысты сигнал түсті. Тәртіп сақшылары жүргізушісінің 7 миллион теңгеден астам қарызы бар автокөлікті тоқтатты.
Сонымен қатар Сауран ауданында «Шымкент — Самара» тас жолында тәртіп сақшылары тағы бір борышкердің көлігін тоқтатты. «Шевролет-Кобальт» автокөлігінің жүргізушісінде 2 миллион теңгеден астам сомаға төленбеген берешек болған.
Сондай-ақ «Сауран» стационарлық бекетінде облыстық батальонның полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде жергілікті тұрғынның басқаруымен «КИА» маркалы автокөлікті тоқтатты. Автокөлік жүргізушісінің 13 миллион теңгеге төленбеген қарызы бар екені анықталды.
Полицейлер бұл көлік құралдарын айыппұл тұрағына қамап, борышкер-жүргізушілермен қолда бар берешектер мен салынған айыппұлдарды уақтылы төлеу қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
© Didarbek.kz