Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » АҚЖАЙЫҚ ШАҒЫНАУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

АҚЖАЙЫҚ ШАҒЫНАУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

Аудан әкімі Шәкір Асылханұлы тұрғындармен кездесуі жалғасуда, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осы ретте, Ш.Сұлтанхан Ақжайық шағынауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесуге мәслихат депутаты Талғат Балтабаев, жауапты басқарма мамандары және бөлім басшылары қатысты.
Басқосуда тұрғындар бірқатар мәселелерді аудан басшысының назарына жеткізді. Атап айтқанда, аталған шағынауданында балалар алаңшасы жоқ, сондай-ақ жол белгілерін орнату, инфрақұрылым, ирригациялық жүйелерді салу және тағы басқа мәселелер жөнінде ұсыныс айтты.
Тұрғындардың көтерген мәселесіне байланысты аудан әкімі жауап беріп, айтылған ұсыныстардың барлығын рет-ретімен шешу үшін жүйелі жұмыс жүргізілетіндігін айтты.
© Didarbek.kz

Пікір жазу