
Aуданның 60 жылдығына орай ұйымдастырылған “Ауылым алтын бесігім” өнер фестивалі бастау алды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қажымұқан ауыл округі бастаған шара ардагерлердің ауданда жүзеге асырылып жатқан нысандармен танысуынан басталды. Атап айтар болсақ, ел ағалары “Құртай” каналының бойындағы демалыс аймағын және аудан орталығына Шымкент бағытынан кіре берістегі гүлзарды, Самал мөлтек ауданындағы аумақта салынып жатқан спорттық кешенді, арендалық тұрғын үйлерді көрді.