«Таза Қазақстан» акциясының мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы орайда экоакция тазалық шарасына аудан әкімі Арман Абдуллаевпен бірге мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер мен еріктілерқатысты. Әр мекеме өзіне жүктелген аумақты таңғы сағат 08:00-ден бастап тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.
Аудан әкімінің бастамасымен өткізілген қарқынды тазалық акциясы барысында көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстардан тазарту, қураған ағаш бұталарын кесу, талдарды ретке келтіру, әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, арық-атыздар тазаланды. Жалпы 10-нан астам техника жұмылдырылып, 15 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Аудан тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлық болып табылады. Барша аудан тұрғындарын республикалық тазалық шарасына атсалысуға шақырамыз!
© Didarbek.kz