Aудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күн тәртібінде аудандық кәсіпкерлік бөлімінің және Қажымұқан ауылдық округі әкімі аппаратының атқарған жұмыстары мен жоспарлары, Қажымұқан ауылдық округі бойынша орын алған кемшіліктер мен хаттамалық тапсырмалардың орындалуы қаралды.
Бірінші мәселе бойынша кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Патима Ташимова баяндама жасап, 2024 жылға бекітілген декомпозиция, индикаторлық көрсеткіштерге, сондай-ақ ауылдық округтер бойынша жеке инвестициялар жоспарларының орындалуына кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, жер қойнауын пайдаланудағы мәселелерді айтты.
Өз кезегінде аудан әкімі кіші инвестиция бойынша кейбір ауыл әкімдерінің өз ауылдық округтерінде қандай жобалардың бар екенін немесе жүзеге асырылуы жоспарланып отырғанынан хабарсыз екенін айтып, бұл бойынша жұмыстарды ширатуды тапсырды. Сонымен қатар, ауылдық округтердің әкімдеріне өздеріндегі инвестициялық жобаларға талдау жүргізуді міндеттеді. Одан бөлек жер қойнауын заңсыз пайдаланушылар анықталған жағдайда ттісті бөлімдер мен ауыл әкімдері тарапынан шұғыл шешім қабылдануы тиіс екенін айтты.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Қажымұқан ауылдық округінің әкімі Бауыржан Нұрпейісов баяндама жасады.
Аудан басшысы ауылдық округте бірқатар мәселелердің шешімін таппай отырғанын тілге тиек етті. Осы орайда тұрғындардың салық берешектерін өндіруді, жерлерді заң аясында ортақ жайылымға қайтаруды, балалар ойын алаңшалары мен аяқжолдарды, орындықтарды және т.б. ретке келтіруді, тазалық жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімінің басшысы
Маратбек Туреев баяндама жасап, Қажымұқан ауылдық округ бойынша санитарлық-тазалық, абаттандыру, көгалдандыру және т.б. бойынша орын алған кемшіліктерге тоқталды.
Ауылдық округ бойынша шешімін таппаған бірқатар мәселелердің бар екенін айтқан аудан әкімі бірінші кезекте Темірландағы коммерциялық нысандардың қасбеттерін ретке келтіруді тапсырды. Ол үшін арнайы топ құру керектігін айтып, жауапты аудан әкімінің орынбасарына тапсырма берді. Одан бөлек тазалық жұмыстарының қатаң бақылауда екенін айтып, сенбілік жұмыстарын мейлінше жандандыруды тапсырды.
© Didarbek.kz