Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » АУДАНДА АРДАГЕРЛЕР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

АУДАНДА АРДАГЕРЛЕР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

Қазығұрт ауданы орталығында зейнет жасындағы адамдардың салауатты өмір сүруі мен денсаулығына оң жағдай жасау, әлеуметтік медициналық, әлеуметтік білім беру, әлеуметтік психологиялық қолдау көрсету және белсенді өмір сүру салтын сақтау мен дамыту мақсатында «Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімшесі, яғни, Ардагерлер орталығын ашу жоспарлануда.
Қазіргі таңда атаулы орталықтың ғимаратының құрылысы қарқынды жүргізілуде, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 2 человека
Аудан әкімі Азизхан Исмаилов бүгін құрылыс нысанына арнайы барып, жасалып жатқан жұмыстармен танысты. Нысанды аралап көріп, мердігер мекеме басшысымен кездесті. Құрылыс барысына оң бағасын беріп, қосымша ұсыныстарын жеткізді. Ғимараттың сапасына көңіл бөлу керек екенін ескертіп, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Возможно, это изображение 4 человека
Айта кетейік, атаулы орталық іске қосылса, массаж, психологиялық бөлме, әлеуметтік маман кеңесі, сауықтыру гимнастикасы, фитотерапия, заңгерлік кеңес алу, сенсорлық, жаттығу жасау, дәрігерлік кеңес және бақылау, оқу курстары, еңбек және тұзды бөлмелер ашылатын болады. Сондай-ақ, арнайы демалу бөлмесі, бильярд және үстел теннисі бар. Одан басқа, шахмат, би, шашка, әрі хор үйрену үйірмелерін де ашу жоспарлануда.
© Didarbek.kz

Пікір жазу