Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ШЫМКЕНТТЕГІ «КЕЙБІРЕУ» МЕН «КЕЙБІРІ»…

ШЫМКЕНТТЕГІ «КЕЙБІРЕУ» МЕН «КЕЙБІРІ»…

Иә, Шымкент қаласы әкімдігіндегі «кейбіреу» дәл осылай жазады да, оның сауаттылығын қадағалауға тиіс «кейбірі» оған еш мән бермейді. Әкімдіктің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланған жаңа жазба бізді бұрынғыдан бетер таң қалдырды. Мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік тілімізді мұншалықты құрметтемейтіні өз алдына, келеке-мазақ етуіне жол болсын! Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаевтың да қазақ тіліне шорқақ болғаны ма? Неге бұндай олқылықтарға жол беріп отыр екен?!.

Енді әкімдіктің сол жазбасына назар аударайық!

«Кейбіреу Шымкентті қызғалдақтар ордасы десе, кейбірі қызғалдақтар өлкесі деп атайды», – дейді Шымкент қаласы әкімдігінің атынан жазып отырған бір «данышпан». Дәл осы сөздерді айтқан «кейбіреу» мен «кейбірі» қайда жүр екен? Олар кім болды екен? «Қызғалдақтар ордасы» мен «қызғалдақтар өлкесінің» айырмашылығы неде? Бұл сауалдардың бәріне жуық арада жауап табуымыз қиын-ау. Өйткені, «бұл әдемі және нәзік гүлдің ғұмыры ұзақ емес».

«АНАЛДЫ» ДЕП ЖАЗҒАН КІМ? «РЕСМИ ӨКІЛ» МЕ, БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ МА?

Әрі қарай әлгі «данышпанымыз»: «Сіздер де қалада барлық гүлзарларды көріп үлгермеген шығарсыздар», – деп жазады. Бастапқыда бұны сауал екен деп қалып едік, сөйтсек, сөйлем соңында сұрау белгісін таппай қойдық. Дәл осындай сұрау белгісі жоқ сауалды тағы кездестіреміз: «Мұндай тұрғыдағы көріністі әлі көріп үлгермеген боларсыздар», – дейді сол «данышпанымыз».

Ал, мына сөйлемдерді қалай түсінсеңіздер де, еріктеріңіз: «Голландық сорттағы Польшадан әкелінген гүлдер. Керативті түрде безендірілген гүлзарларды бірге тамашалайық!»

Так что, Шымкентте бәрі – «кератив»!..

Ә.Ә.

Пікір жазу