Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Аудан әкімі Азат Оралбаев жұмыс сапарымен Төрткүл ауылдық округінде болып, бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 7 человек
Аудан басшысы алдымен Қызылжар елді мекеніндегі “Қызылжар” ЖОМ-нің 300 орынға лайықталған қосымша оқу корпусының құрылысын бақылап көрді. Аталған нысандағы негізгі жұмыстар 2020 жылы басталған. Алайда түрлі себептермен құрылыс жұмыстары аяқсыз қалып, мердігердің ісі сотқа өткен. Дегенмен, аудан әкімдігінің, халық қалаулылары мен ауыл тұрғындарының мәселені қолға алуының арқасында мектептің құрылысы 2023 жылдың желтоқсанында қайта жанданды. Қазір білім ошағындағы құрылыс жұмыстары Антикордың жіті бақылауында тұр. Одан бөлек нысан “Аманат” партиясының да бақылауына алынған. Мердігер мекеме нысанды жылдың соңына дейін аяқтап, елдің игілігіне тапсыруды жоспарлап отыр.
Мектеп құрылысын аралап көрген Азат Әбдіғалиұлы жұмыс күшін мейлінше көбейтіп, сапаға басты назар аудару керектігін айтты.
Возможно, это изображение 6 человек
Сондай-ақ аудан әкімі Қызылжардағы жөндеуден өтіп жатқан ауылдық клубтың, Бөген ауылындағы спорт кешенінің жөндеу жұмыстарымен танысты. Одан бөлек Төрткүл елді мекеніндегі “Ордабасы аудандық нөмірі 3-ші балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің” жағдайын барып көрді. Аталған әрбір нысан бойынша сала мамандарына тиісті тапсырмалар берді.
© Didarbek.kz

Пікір жазу