Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын айтқан болатын, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы бағытта көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, ел азаматтарының спортқа деген қызығушылығы күннен-күнге артып келеді. Мәселен қазір әлемдік деңгейде кеңінен тарап келе жатқан спорттың бірі шағын футбол ойындары. Спорттың бұл түрі бойынша халықаралық деңгейден бастап, облыстық, аудандық деңгейдегі біріншіліктер өтіп келеді. Мұны спорттық іс-шара ғана емес достық қарым-қатынасты қалыптастырып, татулық пен ынтымақтастықты арттыратын жарыс деп те айтуға әбден болады.
Осы орайда, Келес ауданында өткен облыстық «EVENING SPORT» жобасы аясында «Спорт-саулық негізі» атты кіші футбол турнирінің нәтижесі бойынша Сарыағаш ауданының жастары қос жүлдеге ие болды.
Жобаның мақсаты жастарды спортпен белсенді айналысуға шақыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар арасында футболды насихаттау және бұқаралық спортты дамыту.
Кіші футбол турниріне облысымыздың аудан, қаласынан 12 команда қатысты. Жарыс қорытындысына сәйкес жеңімпаздар тізімі төмендегідей:
I орын — «Айдос оформление» командасы, Жетісай ауданы
II орын — «Сарыағаш» командасы, Сарыағаш ауданы
III орын — «Көктерек» командасы, Сарыағаш ауданы
“Үздік ойыншы” номинациясы иегері — Тұрар Еркебұлан, Келес ауданы
“Үздік қақпашы” номинациясы иегері — Сиязбек Қуаныш, Бәйдібек ауданы
Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
© Didarbek.kz