Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АУДАНДА СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АУДАНДА СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Тұрлан шағынаудан аумағын қоқыстан тазалау мақсатында сенбілік шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сенбілікке Абай ауданы жанындағы Гендерлік саясат комиссия құрамының мүшелері, #14 емдеу орталығының қызметкерлері, #55 жалпы орта мектебінің ұжымы, балабақша, спорт мектебінің спортшылары, Қызылжар ш/а ардагерлер кеңесінің бір топ ардагерлері, «Қызылжар» әжелер тобы, кәсіпкерлер, тұрғындар, коммуналдық мекемелер қызметкерлері қатысты.
Сондай-ақ, сенбілік жұмыстарын ақпараттық сүйемелдеу мақсатында “Отырар”, «HanTV» телеарналары және “Шымкент келбеті” атсалысты.
Жалпы сенбілікке 100 ден аса адам қатысты. Нәтижесінде 15 тонна қоқыс шығарылып, оған 8 техника жұмылдырылды. Қатысушыларға көже, сусындар таратылды.
Аудан тазалығы баршамызға ортақ! Сондықтан барша тұрғындарды таза аудан үшін сенбілік жұмыстарына атсалысуға, тұрғын үйлердің, аулалардың және көшелердің аумағындағы тазалық шараларына өз үлестерін қосуға шақырамыз!
© Didarbek.kz

Пікір жазу