Тұран ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Шымкент қаласының Полиция департаментінің Патрульдік полиция полкі және Тұран ауданының полиция басқармасымен бірлесе отырып, аудан аумағындағы жол жүру ережесін сақтау қауіпсіздігі тұралы насихат жүргізіліп, ережелерді сақтамаған тұрғындарға ескертулер берілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Тұран Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаттарының бірі — жол ережелерін бұзу фактілерінің алдын алу, балаларды жол белгілерін ажырата білуге, жол ережесін қатаң сақтауға баулу болып табылады.
© Didarbek.kz