«Таза Қазақстан» экоакциясы аясында Қызылкөл көлінің аумағында жалпыхалықтық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері, белсенді жастар мен ауыл тұрғындары атсалысып, көлдің айналасы, емдік қара балшығы бар аумағы және көлге апарар жолдың бойы тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыстардан тазартылды.
Осылайша барша мекеме қызметкерлері, аудан тұрғындары, жастар қауымы тазалық жұмыстарына көмек қолын созуда әрдайым ниетті екендіктерін білдіріп, тазалықты жүйелі түрде жүргізуде.
© Didarbek.kz