Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҰЛТТЫҚ АРХИВ ҚОРЫНЫҢ ҚҰЖАТТАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВТЕРГЕ ЖИНАҚТАУ, САҚТАУ, ЕСЕПКЕ АЛУ МЕН ПАЙДАЛАНУ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ҰЛТТЫҚ АРХИВ ҚОРЫНЫҢ ҚҰЖАТТАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВТЕРГЕ ЖИНАҚТАУ, САҚТАУ, ЕСЕПКЕ АЛУ МЕН ПАЙДАЛАНУ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

«Түркістан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ұлттық архив қоры құжаттарын толықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен Төлеби аудан әкімдігі ғимаратының кіші мәжіліс залында семинар – кеңес өтті. «Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік архивтерге жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану талаптары» тақырыбында өткен басқосуды аудан әкімі аппаратының басшысы Жорабек Жолдасбеков жүргізіп, жиынның күн тәртібімен таныстырды.
Түркістан облысы мемлекеттік архив басшысының орынбасары Камшат Тасыбекова семинардың мақсатын түсіндіріп, архив ісі саласында қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және толықтырулармен таныстырды.
Жиын барысында Түркістан облысы мемлекеттік архивінің Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің сектор меңгерушісі Меруерт Шымырбек, Төлеби ауданы мемлекеттік архивінің архивисі Луиза Есполова, Төлеби ауданыны әкімі аппаратының жалпы және әкімшілік бөлімінің бас маманы Ақмарал Қалменова ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын басшылыққа алу, мекемеде құжат айналым тәртіптерін түсіндірді. Істер номенклатурасын жасау және істерді қалыптастыру және сақтау тәртібі, құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу тәртібі, архивтік құжаттарды қабылдау- тапсыру тәртібі, жай-күйін тексеру мен есепке алу және құжаттарды физикалық-химиялық және техникалық өңдеуден өткізу тәртіптері бойынша баяндама жасады.
Семинарда Түркістан облысы мемлекеттік архивінің Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімі, Төлеби ауданы мемлекеттік архивінің қызметкерлері қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар жауап беріп, айтылған ұсыныс-пікірлерді назарға алды.

Пікір жазу