Жасыратыны жоқ, көп отандастарымыз қаржыны қалай басқару керектігін, «несие» ұғымының астарында не жатқанын нақты біле бермейді. Соның салдарынан адамдардың банк пен микроқаржы ұйымдарына берешектері көп. Сондықтан, «AMANAT» партиясы «Halyk Bank» бастамасымен жүзеге асыратын «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында облыс деңгейінде қарқынды жұмыстар жүргізуде.
«Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы – ауыл, қала тұрғындарының қажетін ескере отырып әзірленген жоба. Отандастарымыздың қаржылық сауатын арттыруға атсалысып жатқан сарапшылар қаржы мәселесі қалай пайда болатынын, несие қарызының санын азайту жолдарын, қаржы пирамидасы мен түрлі алаяқтардың әрекетін қалай анықтауға болатынын түсіндіруде.
Жобаның негізгі мақсаты – жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру. Түркістан облысы бойынша оқу биыл 2 мамырда басталып жыл соңына дейін жалғасады.
Қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру бойынша тегін курс «AMANAT» партиясының аудандық филиалдарында төмендегі талаптар бойынша өтеді:
— бір топтың оқу мерзімі – 5 күн
— бір топтағы қатысушылардың саны – 30-50 адам
— бір айда оқитын топтардың саны – 3
Оқу бағдарламасы азаматтардың мынадай санаттарына арналған:
1. несие бойынша қарыздары бар және борышкерлер тізіміндегі адамдар
2. дәл қазіргі уақытта несиесі бар, бірақ мерзімі өтіп кеткен берешектері жоқ адамдар
3. жеңілдікпен несие алып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер.
Жоба аясында ауылдық елді мекендердің 80 мыңға жуық тұрғынын қамту жоспарлануда.
Жобаға қатысушылар
— өз қаражатын тиімді басқаруды және шығынды оңтайландыруды үйренеді.
— Олар қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын
— несиелік қарыздар санын азайтудың қандай жолдары барын,
— алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екенін білетін болады.
Қарызсыз қоғам» жобасының алғашқы кезеңінде Түркістан облысы бойынша: Арыс, Кентау қаласы, Бәйдібек, Жетісай, Келес, Қазығұрт, Мақтаарал, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Сауран, Созақ, Түлкібас, Төлеби, Шардара аудандары қамтылатын болады.
Құжаттар мен өтінімдер жергілікті жерлердегі «AMANAT» партиясы филиалдарының ғимаратында қабылданады.