Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТӨЛЕБИ: КЕЗЕКТЕН ТЫС ОН ТӨРТІНШІ СЕССИЯ ӨТТІ

ТӨЛЕБИ: КЕЗЕКТЕН ТЫС ОН ТӨРТІНШІ СЕССИЯ ӨТТІ

Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында VIII шақырылымның аудандық мәслихаттың кезектен тыс он төртінші сессиясы өтті. Сессия отырысына аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров төрағалық етіп, аудан әкімі Төлеген Телғараев, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары, қала, ауыл округ әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.
Мәжіліс күн тәртібінде екі мәселе қаралып, аудандық мәслихаттың әлеуметтік желідегі парақшасына тікелей эфирде трансля́цияланды. Төлеби ауданы халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің барысында орын алып отырған кемшіліктерге қолданылған шаралар мен жұмыстарды жақсарту, халықты ауыз сумен сапалы әрі тұрақты қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар бойынша «Ленгір су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директоры Арнұр Ермекбай баяндады.
Аудан аумағындағы 55 елді мекеннің 54 елді мекені орталықтандырылған су құбырына қосылған. Жаңакүш елді мекенінде су құбыры жүргізілуде. Кәсіпорын ауыз сумен қамтып отырған абонент саны 21638. ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің 2017 жылғы 7 қарашадағы номер 446 бұйрығымен Төлеби ауданының орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған 51 елді мекеннің ауыз су тарифі субсидияланады. Түркістан облысы мәслихатының 11 сәуір 2024 жылғы шешіміне сәйкес, ауыз су тарифі 1 клубқа 70 теңге болып бекітілді. Мекеме өз тарапынан ауыз су жүйелеріндегі ақауларды жөндеп, авариялық қызметті толық атқарады. Ауыз суды сапалы жеткізу, оның тапшылығын жою бағытында жұмыстар атқаруда.
Ауыз су аудандағы өзекті мәселе болғандықтан, депутаттар бұл сала халықты толғандырған сұрақтарын қойып, өзекті мәселелерді көтерді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Төлеби ауданының құрметті азаматы» атағына ел игілігі жолында еңбек еткен бірқатар азаматтар ұсынылып, депутаттар тарапынан қолдауға ие болды.

Пікір жазу