Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ІРІ СҮТ ФЕРМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ІРІ СҮТ ФЕРМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2021 жылдың 12 қазанында Үкімет «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын бекіту туралы қаулы қабылдады. Аталмыш жобаның басты мақсаты – тұрғын үй құрылысын дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында жағдайды жақсарту, оңтайлы көлік байланысын қамтамасыз ету, көліктік-транзиттік әлеуетті арттыру, сондай-ақ халықтың базалық қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру. Жобаның әлеуметтік-экономикалық тиімділігі жоғары. Ұлттық жоба аясында өңірлерде өндіріс орындары артып келеді.
Төлеби ауданы Зертас ауылдық округінде «AZIA MILK» маркасымен ірі сүт фермасы іске қосылмақ. 2024-2027 жылдар аралығында жүзеге асырылатын инвестициялық жобаның жалпы құны 1,3 млрд теңгені құрайды. Елді мекен шетіндегі 10 гектар аумаққа израильдік технология негізінде ферма ашуды көздеген кәсіпкер 1 200 бас ірі қараға арналған қора, жем-шөп жинайтын орын, сүтті жинап әрі сүт өнімдерін дайындайтын арнайы ғимарат салмақ.
Аудан экономикасына айтарлықтай әсерін тигізетін фермаға өңір әкімі Төлеген Телғараев арнайы барып, жобамен танысты. Кәсіпкер фермаға метеостанциясы бар желдеткіш және заманауи жарық жүйесі, сиырдың тойғаны мен жағдайын анықтайтын бейне-камералар орнатылатынын жеткізді. Аудан басшысы өндіріс орны — өңірдегі сүт шаруашылығын дамытып, аудан тұрғындарын жұмыспен қамтитынын айтты. Сонымен қатар, жеке кәсіпкердің 240 бас ірі қара мал бордақылау алаңының жұмысымен танысқан аудан әкімі шаруаның жай-күйін сұрап, мемлекеттік бағдарламалар туралы баяндады.
Кейін аудан әкімі Киелітас ауылдық округіндегі жеке кәсіпкер Сәкен Сәрсеновтың балық шаруашылығымен танысты. Кәсіпкер өз қаражаты есебінен 0,5 гектар аумаққа 10 тоннадан астам сазан балығын өсіріп отыр. Сондай-ақ, 1,6 гектар жерге демалыс аймағының құрылысы жүргізілген.

Пікір жазу