Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен ашықтық қағидатына сәйкес қоғаммен байланысты нығайту бағытында бекітілген кестеге сай, Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев тұрғындарды жеке мәселелері негізінде қабылдады. Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау, шағымдарының заңдылығын саралап, құқықтық кеңес беру, заң аясында орындалуын қамтамасыз ету бағытындағы қабылдау барысында ауыз су, ағын су, түнгі жарық мәселелері сөз болды.
Кемеқалған ауылдық округі Қарақия елді мекенінің тұрғыны Д.Абеев бастаған азаматтар жайылымдық жер мақсатындағы аумақтың 3 гектарында арнайы техниканың күшімен қазу жұмыстары жүргізіліп жатқанына алаңдаушылық білдіріп, көше аяғында тұратын үйлерге ауыз су жеткізу, ағын суға қатысты туындаған сұрақтарын қойды.
Диханкөл елді мекенінің тұрғыны С.Ташеновпен келген ауыл азаматтары ауыз су құбырларының құрылысы сапалы әрі уақытылы жасалуы қажеттігін, техникалық қадағалаушы мекеме өкілдерімен бірге құрылыс жұмыстарына бақылау жүргізгендерін айтып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Шымкент қаласының тұрғыны А.Мамбетқұлов таулы аймақтың ауа-райына форель балығын өсіру қолайлы екендігін, балықтың бұл түрі 18-22 градуста, иран сапасындағы корегімен жақсы өсетітінін айтып, шаруашылықтың бұл түрін жүргізу үшін жер телімдерін бөлуге ықпал етуді сұранды.
Аққұм ауылдық округінің тұрғыны А.Қожахметов ұзындығы 1.1 шақырымды құрайтын Ащы көшесінің электр бағаналарын ауыстырып, түнгі жарық шамдарын орнатуды өтінді.
«Барлық құрылыс жұмыстары белгігі бір заңдылықпен жүргізіледі. Кез келген құрылыс сапасын техникалық қадағалаушы, авторлық бақылаушы мекемелер тексеріп, қорытынды береді. Қорытындыға сәйкес, құрылыс нысандары қабылданады. Бұған қоса, қолданыстағы заңға сәйкес мердігер мекемелер кепілдік мерзіміне сәйкес ақаулықтарды 5 жыл мерзімі ішінде ретке келтіреді», деген аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы Диханкөл елді мекеніндегі ауыз су құрылысының сапасына бақылау жүргізіп жүрген азаматтарға алғысын жеткізді.
Қабылдау барысында көтерілген барлық мәселе бойынша сала мамандары зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заң аясында шешім қабылданады.

Пікір жазу