Адам өлтіру қылмысы үшін іздеуде жүрген шымкенттіктер Мәскеу облысында ұсталды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент қаласы полиция департаментінің жедел уәкілдері іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ресейлік әріптестерімен бірлесіп, кісі өлтірді деген екі күдіктінің жүрген жерін анықтап, құрықтады.
Олар өткен жылдың қыс айында таңғы 5:00 шамасында жасырын түрде бөтеннің үйіне кіріп, жеке жақтырмаушылықтан үш ер адамды битамен және темірмен ұрып-соққан. Олардың бірі алған дене жарақаттарынан жедел жәрдем көлігінде көз жұмған.
Қазіргі таңда ұсталғандарды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде.
© Didarbek.kz