Ауданның құрылғанына 60 жыл толуына орай елді мекендер арасында “Ауылым алтын бесігім” атты өнер фестивалі ұйымдастырылып келеді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шұбарсу ауылдық округінде ұйымдастырылған өнер фестивалі шұбарсулық ардагерлердің ауданда жүзеге асырылып жатқан нысандармен танысуынан бастау алып, мерекелік концерт Шұбарсу елді мекенінің орталығында жалғасын тапты. Онда қолөнер шеберлерінің және мектеп оқушыларының бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ қатысушылар арнайы әзірленген ұлттық тағамдардан, сусындардан ауыз тиді. Ауылдық округтен шыққан спорт шеберлерінің жетістіктері мен марапаттары да паш етіліп, түрлі спорттық жарыстар өткізілді.
Аудан әкімі Азат Оралбаев шұбарсулықтарға арналған жүрекжарды құттықтауын жеткізіп, ауданның дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматқа алғыс жариялап, сый-құрмет көрсетті.
Өз кезегінде Шұбарсуда туып-өскен күміс көмей әншілер әннен шашу шашып, өнерпаздар өнерлерін ұсынып көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
© Didarbek.kz