Түркістан қалалық әкімдік тарапынан құрылған жұмысшы топ заңсыз сауда-саттықтың алдын алу мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізуде, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң талаптарын бұзған, белгіленбеген орындарды өз бетінше иемденген кәсіпкерлер мен саудагерлерге әкімдік тарапынан бірнеше рет түсіндіру шаралары жүзеге асқанымен, кей азаматтар ескертуге немқұрайлық танытып келді.
Ендігі кезекте заңсыз орналасқан сауда дүңгіршектерінің иелеріне «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің» 204-і бабымен хаттамалар толтырылып, дүңгіршектер айыптұраққа қойылатынын ескертеміз
© Didarbek.kz