Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаев жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың өтініштерін тыңдады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 3 человека
Қабылдауға келгендер негізінен ауыз су, жол, тұрғын үй мәселелерін көтерді. Абай елді мекенінің тұрғыны С.Ибраев ауылдағы ауыз су мәселесін айтса, Керегетас елді мекенінің тұрғыны Д.Алханов ауыз су, жол, түнгі жарық, мәселелерін жеткізді. Аққұм ауылының тұрғыны Г.Жумалиева көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізуді өтінді. Сондай-ақ Алғабас елдім мекенінің тұрғыны Қ.Бекболатова қоғамдық көлікте тегін жүру бойынша кеңес сұрады. Ленгір қаласының тұрғыны Т.Дүйсенғалиева тұрғын үй кезегі жөнінде сауалын жолдады.
Возможно, это изображение 2 человека и текст
Қабылдау барысында Сержан Дауылбайұлы әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, сала басшыларына мәселелерді шешу үшін тиісті тапсырмалар жүктей отырып, заңдылыққа сәйкес жауап берді.
© Didarbek.kz

Пікір жазу