Арыс қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары қала мен ауылдарда диплом алған бітіруші түлектеріне «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3-ші бағыты – Жастар практикасы. Бұл жұмыссыз жүрген жастарды жұмыспен қамтып, тәжірибе жинауға мол мүмкіндік беретінін бағдарлама. Өз мамандығын терең үйреніп, тәжірибе жинағысы келетін жастар бұл бағдарлама туралы жақсы біледі. Бүгінде түрлі мекемелер мен кәсіпорындарда аталған бағдарлама бойынша тәжірибе жинап, біліктілігінің арқасында тұрақты еңбек дүбіріне араласып жүрген Арыс жастары жеткілікті.
Бағдарламаның негізгі шарттары — оқуды аяқтағаннан соң 5 жыл ішінде алған кәсібі немесе мамандығы бойынша жұмысқа орналасуды жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі. Түлектерді жұмысқа бейімдеу мақсатында ұйымдастырылатын бағдарламаға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орындарын аяқтаған 35 жасқа дейінгі түлектер қатысады.
Бағдарлама қатысу үшін жастар Т.Тәжібаев көшесі, №1 ғимаратта орналасқан «Мансап» орталығына жүгінулеріне болады.
© Didarbek.kz