Aудан әкімі Азизхан Әзімханұлы аудан тұрғындарын жеке қабылдады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшылары, ауыл округ әкімдері қатысты. Әкімнің қабылдауында болған азаматтар спорт кешенін салу және Келес өзені арнасынан құм, тас алу мәселелері төңірегінде сұрақтар қойып, өтініштерін айтты. Аудан басшысы сұрақтарға толыққанды әрі нақты жауап қатып, ауыл әкімдері мен тиісті бөлім басшыларына шешімін табуды тапсырды.
© Didarbek.kz