Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ШЕҢГЕЛДІДЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШЕҢГЕЛДІДЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Aудан басшысы Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округіне арнайы барып, Шеңгелді елді мекенін ауыз сумен және сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын бақылады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение склад лесоматериалов
Шеңгелді елді мекенінің жерасты су қорын іздеу, барлау жұмыстары мердігер мекеме «Өмірзақ» ЖШС-гі тарапынан жүргізілуде. Қазіргі таңда 952 метр тереңдікте бұрғылау жұмыстары аяқталып, ұңғымадағы суды сорғылау жұмыстары атқарылуда.
Сонымен қатар, аудан басшысы аталған елді мекендегі сапалы электр желісімен қамту жұмыстарын жүргізуші мердігер “Андас групп” ЖШС-ның басшысымен кездесіп, құрылыс жұмыстарын тездетіп бастап, жоспарға сәйкес жүргізуді тапсырды. Жобаға сәйкес 27,7 шақырым электр желісін жүргізу және 6 дана электр трансформаторларын орнату қарастырылған.
Возможно, это изображение 3 человека, склад лесоматериалов и текст
Құрылыс жұмыстарымен танысқан аудан басшысы мердігер мекеме өкілдеріне құрылысты жоспар бойынша мерзімінде, сапалы аяқтауды, сонымен қатар, тиісті бөлім қызметкеріне жұмыс барысын баяндап отыруды тапсырды.
© Didarbek.kz

Пікір жазу