Сарыағаш ауданы әкімі А.Абдуллаевтың Сарыағаш қаласы аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық тазалықты қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенбілік жұмыстарына қала аумағындағы барлық мекемелер қатысып, А-15 трассасы, Әйтеке би, Исмайылов көшелері тазаланды. Айта кетсек, аталған аумақтың тазалық жұмыстарына 84 жұмысшы мен 8 арнайы техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, Сарыағаш қаласы Исаұлы Құрал көшесі тұрғындары сенбілік жұмыстарына шығып, өз аумақтарын тазалады.
Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың бастамасымен тазалық жұмыстарын одан әрі жалғастыру үшін жыл аяғына дейін жоспар жасалып, бекіттілді. Жоспарда ағаш көшеттерін егу, білім беру мен мәдениет ошақтары, шағын және орта бизнес, сауда нысандары мен базарлар аумақтарын тазалау, алаңдар мен көшелерді абаттандыру сынды шаралар қарастырылған. Тазалықты сақтамаған кәсіпкерлерді, сонымен қатар қоқыстарды бей-берекет тастаған азаматтарды заң шеңберінде жауапкершілікке тарту қарастырылған. Аудан тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлық болып табылады. Барша аудан тұрғындарын республикалық тазалық шарасына атсалысуға шақырамыз!
© Didarbek.kz