«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық шарасы бойынша»Созақ орман шаруашылығы» КММ-нің қызметкерлері Созақ, Шолаққорған және Мойынқұм алқаптарының орманшылық бекеттерінде тазалық жұмыстарын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шара барысында өрт маусымы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін басты назарға алып, май жағылған немесе жанғыш заттар сіңірілген шыны заттары сынды тұрмыстық қалдықтарды тазартты.
Тазалық жұмыстарына 28 мекеме қызметкерлері мен екі арнайы техника жұмылдырылып, 2 тоннаға жақын қоқыс қалдықтары шығарылды.
© Didarbek.kz