Аудан орталығы Темірлан ауылында жастар күні мерекесіне орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ордабасы ауданына 60 жыл толуына орай, 12 тамыз – «Халықаралық жастар күніне» арналған шарада аудан орталығында құрылысы жүргізіліп жатқан Қажымұқан атындағы спорт кешені мен басқада құрылысы жүріп жатқан нысандармен танысудан бастау алып, ауылдық округтерден жиналған жастар «Орталық саябақта» аудан әкімі Азат Оралбаевпен кездесті.
Кездесу орталық саябақта ашық аспан астында ұйымдастырылды. Білімді, өнерлі жастардың өнерін тамашалап, кездесу алаңында аудан әкімі белсенді жастар тарапынан айтылған пікірлері мен жаңа бастамаларын тыңдады. Алдағы уақытта атқарылатын жастарға байланысты бірқатар жоспарлар талқыланды.
Мұнан соң, Жастар ресурстық орталығының алдында мерекемен тұспа-тұс отау құрып жатқан жас отбасының заңды түрде некелері қиылып, неке қию туралы куәліктері табыс ету рәсімдері өткізілді.
Кешкісін орталық ашық алаңда эстарада жұлдыздарының қатысуымен “Жастар алаңы” атты гала концертпен жалғасын тапты.
“«Ел ертеңі — жастар». Жастар қазіргі қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуы үшін үлкен жауапкершілікке ие. Еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры, дамуы мен модернизациялануы, жалпы бүгіні мен ертеңі де жастарға байланысты. Жастар-қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы болған. Олар қоғамның белсенді буын өкілдері. Еліміздегі жастар мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады” – деген аудан әкімі Азат Оралбаев аудан дамуына үлес қосып жүрген бірқатар белсенді жастарға алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыстады.
Жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға ауданымыздан шыққан өнерлі жастар мен танымал эстрада жұлдыздары әуелеген ән шырқап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
© Didarbek.kz