“Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен 12 тамыз — Халықаралық жастар күніне орай мәдениет сарайында «Жастар жарқын болашақ» атты мерекелік іс шара өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Серік Алтынбекұлы қатысып, аудан жастарын мерекемен құттықтап, болашаққа зор үмітпен қарауға, алға ұмтылып, елімізді көркейтуге шақырып, бірқатар белсенді жастарды аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.
Сонымен қатар «AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Есімхан Ешенқұлұлы сөз сөйлеп, жастарға тілектерін айтып, ауданымыздың бірқатар белсенді жастарын мәслихат төрағасы Т. Қалымбетовтың алғыс хатымен марапаттады.
Жастар күніне орай ұйымдастырылған іс-шара ары қарай концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өнерпаздары ән мен биден шашу шашты.
Мереке құтты болсын құрметті аудан жастары!
© Didarbek.kz