Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » БӘЙДІБЕКТЕ АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА ЖАСТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

БӘЙДІБЕКТЕ АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА ЖАСТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Бәйдібек ауданында 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай ашық аспан астында салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Open Air-2024» гала-концерті аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев қатысып, барша аудан жастарын мерекемен құттықтады.
«Жастармен бірге» шарасында түрлі салада үздік нәтиже көрсетіп, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген бірқатар жастар алғыс хаттармен марапатталды.
Возможно, это изображение 2 человека
Халықаралық жастар күніне орай, жастардың сүйіп тыңдайтын әншілері Мұхтар Ханзада, Жолдасбек Әбдіхан, Али Өтенов, Шұғыла Тұрсынбай секілді елге танылған бірқатар жұлдыздар да арнайы қонақ болды. Олар әсем әндерімен аудан жастары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.
© Didarbek.kz

Пікір жазу