Aудан әкімі Кайрат Жолдыбайұлы аудандағы білім беру мекемелеріндегі жөндеу жұмыстарының барысын көріп, мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын пысықтады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отырар аудандық білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінің ғимараттарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық білім басқармасы арқылы қаржы қаралып, мердігерлер анықталған. Бүгінде жөндеу жұмыстары басталып, кезең-кезеңімен іске асып келеді.
Аудан басшысы алдымен Темір ауыл округіндегі Темір жалпы білім беретін мектебінде болып, жұмысшылармен кездесті. Мектептің қабырғаларын жөндеу, сырлау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бүгінде жөндеу жұмыстары қарқын алып, тиісті жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес атқарылуда. Мұнан соң Қоғам ауыл округіндегі С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектебінің жөндеу жұмыстарының барысын көрген аудан басшысы мердігер мекеменің өкілдеріне жоспарлы жұмыстарды мерзімінен кешіктірмеу туралы ескертті.
Сондай-ақ, жауапты сала басшыларына мектептердің жаңа оқу жылына дайын болуы керектігін айтып, жөндеу жұмыстарының уақытылы сапалы жүргізілуін қадағалауды тапсырды.
© Didarbek.kz