Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында жол-көлік оқиғасының алдын алу бағытында жиын өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбарасы Ақәділ Сатыбалды, аудан прокуроры Ержан Қожабеков және тиісті бөлім басшылары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 4 человека, люди учатся и текст
Жиын барысында аудан прокуроры Ержан Қожабеков соңғы уақытта аудан көлемінде жол көлік оқиғасының жиі орын алып отырғанына тоқталды. — Қазіргі таңда жол-көлік оқиғалары, оның салдарынан болатын өлім мен жарақат фактілері азаймай отыр. Адамдардың көлік құралдарына деген сұранысының артуы, көлік қозғалысының көбейуі мен жауапсыз көлік жүргізушілері адам өміріне қауіп тудыратын жағдайларға әкеліп отыр. Жол қозғалыс оқиғасы өздігінен туындамайды. Ол қозғалыс ережелерінің қандай да бір талаптарын сақтамағандықтан болады- деді. Оның алдын – алу бағыты бойынша тапсырмалар жүктеді. Аудандық полиция бөліміне жол ережесін сақтау талаптары бойынша тиісті шаралар ұйымдастыруды тапсырды.
Сондай-ақ аудан әкімінің орынбарасы Ақәділ Сатыбалды жол көлік оқиағасының алдын алу үшін халық арасында түсіндіру жұмысын ұйымдастыруды қолға алудың қажеттілігіне тоқталды. Тиісті бөлімге тапсырма беріп, жол көлік оқиғасының алдын алу бойынша кешенді шаралар атқару келісілді.
Р.S Мамандар максималды жылдамдықты 5 пайызға азайтқан жағдайда адам шығыны 30 % кемитінін айтады. Ал мектептер мен тұрғын үйлердің маңында 20 км/с-қа дейін азайту қажет. Алдыңғы орындықта қауіпсіздік белдігін қолдану адам шығынын 50 % азайтатынын зерттеулер дәлелдеген. Ал артқы орындықта қауіпсіздік белдігін тағу кісі өлімін 75 % дейін болдырмайды. Сондай-ақ балаларға арналған қауіпсіздік құрылғылары балалардың жол-көлік оқиғасынан қаза табуын 54-80 % деңгейде болдырмайды.
Возможно, это изображение 5 человек, люди учатся, стол и текст
Қазіргі таңда жол көлік оқиғаларының жиілеуі қайғылы жағдайларға әкеліп соғуда. Сондықтан да, барлық автокөлік жүргізушілерді жолда мұқият болып, жылдамдықты асырмай, жол ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.
© Didarbek.kz

Пікір жазу