Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТІК ЖҚАЖ ЖАУЫНГЕРІ ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

ШЫМКЕНТТІК ЖҚАЖ ЖАУЫНГЕРІ ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

Ағымдағы жылдың тамыз айының 8-10 күндері аралығында Тараз қаласында өткен қоян-қолтық ұрыстың, жекпе-жек түрінен ересектер арасында Қазақстан Республикалық чемпионатында 70 кг салмақ дәрежіснде күресіп, Шымкент қаласы полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы полиция аға лейтенанты Анарбай Айжан Ғанимұратқызы жүлделі екінші орынға ие болды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айжан Ғанимұратқызы 2021 жылдан бастап Жылдам қимылдайтын арнайы жасағында қызмет атқаруда. Бұған дейін ММА бойынша спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері, Азия чемпионатында жүлделі орындар иегері атанған. Сонымен қатар 15 жыл карате, джиу-джитсу спорт түрімен айналысқан. Азия және Қазақстан чемпионы атағына ие болған.
© Didarbek.kz

Пікір жазу