Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мәселелері бойынша жиналыс өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аудан әкімі аппаратының басшысы Жорабек Жолдасбековтің төрағалығымен өткен жиынға денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері, мемлекеттік кірістер басқармасы, қала, ауылдық округ әкімдіктерінің мамандары қатысты.
Возможно, это изображение 8 человек, люди учатся и текст
Жиналыс барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал директоры Бахит Исмаханбетов Түркістан облысы бойынша тұрғындарды МӘМС жүйесіне қамту шаралары туралы баяндама жасап, аталған бағыттағы жұмыстарды жандандыру керектігін жеткізді. Аудан әкімі аппаратының басшысы Жорабек Жолдасбеков қала, ауылдық округ мамандарына күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша нақты тапсырмалар беріп, тұрақты бақылауда болатынын ескертті.
© Didarbek.kz

Пікір жазу