«Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне бюджеттік кредиттер мен көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну көзделген, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын (әрі қарай — Қағида) бекіту туралы» №72 бұйрығына сәйкес, ауданның жергілікті атқарушы органы алдағы кезеңге сұранысқа ие мамандықтардың тізбесін қалыптастырып, аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырады және «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына мәлімет үшін ұсынады. Тізбеде көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетін қызметті алушылардың мамандықтарының атауы мен саны көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының мамандығы қалыптастырылған мамандықтар тізбесіне енген жағдайда әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен көрсетілетін қызметті берушіге otbasybank.kz/programm-bank Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталы арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
l) көтерме жәрдемақыға:
қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi.
2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредитке:
қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
Кредиттік бюродан есеп.
Көрсетілетін қызметті беруші Порталда көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді.
Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға берілген, әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы келісім жасасу қажеттігі туралы, есепке алу және кезектілікке қою туралы хабарлама немесе әлеуметтік қолдау шарасын ұсынудан дәлелді бас тарту әлеуметтік қолдау шараларын көрсету нәтижесі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» №72 бұйрығына сәйкес, Созақ ауданы бойынша 2024 жылға көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау шаралары толықтай ұсынылды. Сонымен қатар, тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша кезектілік қалыптастырылды.
Анықтама телефоны: 8 771 328 4096 Жартай Мағжан Байділдаұлы (Созақ ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің бас маманы).
© Didarbek.kz