ҚР ІІМ Е. Саденовтың бұйрығымен, полиция департаменті бастығының ұсынысымен полиция полковнигі Жұмағұл Қуаныш Сағналыұлы Қаратау аудандық полиция басқармасының бастығы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа басшыны жеке құрамға Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Думан Таев таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Айта кетейік, полиция полковнигі Қуаныш Жұмағұлдың Ішкі істер органдарында 25 жылдай еңбек өтілі бар. Бұған дейін ол, түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
Шымкент қаласы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының іздестіру бөлімінің бастығы, полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары болған.
© Didarbek.kz