Абай ауданы аумағында биыл 86 көшені жарықтандыру жоспарланған болатын, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазіргі таңда Бозарық, Достық, Асар-2, Самал-3, Ақжайық шағынаудандарында және Қайнарбұлақ саяжайында жарықшамдар орнатылуда.
Жалпы ауданда 223 көше жарықтандырылған. 2022 жылы 29 көше, 2023 жылы 13 көшеге жарықшам орнату жұмыстары жүргізілді. Қамту көрсетікші 15,1 пайызға жетті. Сонымен бірге, тұрғындардың өз есебінен жарық шамдар орнатып, 17 көше жарық жүйесіне қосылды.
© Didarbek.kz