Бірінші Мамыр ауылдық округі Ынтымақ елді мекенінде «Этносаралық келісім – ел бірлігінің кепілі» атты жиын өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Тұрғыт Озал» мешітінде өткен басқосуға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жұман Абдиев, Бірінші Мамыр ауылдық округінің әкімі Бакытбек Маусунбеков, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Мақсат Сейдуалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Бұқар Оралбеков, аудандық «Қоғамдың келісім» КММ-нің басшысы Есімхан Айтжанов, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты.
Аталған тақырып аясында ауданның бас имамы Үсен Саурбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Мақсат Сейдуалиев және ауыл ақсақалдары сөз сөйлеп, көпшілікті бірлік пен ынтымаққа шақырды. Кездесу барысында этносаралық келісім мен ынтымақтастық, достық қарым-қатынасты нығайту мәселелері кеңінен қозғалды.
© Didarbek.kz