Aудан әкімі Арман Абдуллаев аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аудан әкімінің жеке қабылдауына алдын ала жазылған 19 тұрғынның өтініштері қаралды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қабылдауға келген тұрғындар жұмыспен қамту, тұрғын үй беру, асфалт төсеу, жер, әлеуметтік және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, заңнама аясында тиісті жауаптарын беріп, айтылған өтініштерге сәйкес, тез арада және кезең-кезеңімен шешімін табатын мәселелер бойынша тиісті бөлім басшыларына, қала және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
© Didarbek.kz