Aудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Бабата елді мекеніне барып, онда жеке инвестор арқылы салынып жатқан 50 орындық балабақша құрылысының жұмыс барысымен танысты. Қазіргі уақытта жаңа нысанның ішкі жұмыстары басталды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар, аудан басшысы тұрғындардың талап-тілектері негізінде қолға алынған жобаларға жеке-жеке тоқталып, округ әкіміне әрбір істі жіті бақылауды тапсырды. Елді мекенде демеушілер есебінен қосымша ауыз су құдығын қазу жұмысын пысықтады.
Айта кетейік, 350 шаршы метр аумақты алып жатқан балабақшаны жеке кәсіпкер Нұрман Назаров салуда. Ғимарат заман талабына лайықталып, бүлдіршіндердің жас ерекшелігіне сай жабдықталмақ. Асхана, ойын бөлмесі, жатын бөлме, медициналық кабинетпен қамтылып, балабақшада 15-ке тарта адам жұмыспен қамтылатын болады.
© Didarbek.kz