Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобының қызметкерлері отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау бағытында мақсатты жұмыстар атқаруда, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап өтсек, Әл-Фараби ауданының әкімшілік аумағында тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу мақсатында және тұрмысы төмен отбасылырдың мұқтаждықтарын анықтау мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шараға аудан әкімі аппаратының халықты әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімінің бас маманы Лаура Омарова, Әл-Фараби АПБ зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция лейтенанты Назерке Төлеген, №3 арнаулы әлеуметтік дағдарыс орталығының заңгер маманы Г.Моминова және учаскелік полиция инспекторлары қатысты.
Шара барысында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық жадынамалар таратылды. Тұрғындар қызықтырған сұрақтарына толыққанды жауап алып, құқық бұзушылық орын алған жағдайда, полицияға жүгіну керектігі туралы ескертілді.
© Didarbek.kz