Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы жекеменшік электр жүйесімен қамтылған тұрғын үйлердің мәселелері бойынша аудан әкімі Шәкір Сұлтанхан тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында электр желілеріне заңсыз қосылған тұрғын үйлерді анықтау, жеке шот берілмеуі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан әкімі «Оңтүстік жарық транзит» мамандары тарапынан тиісті жұмыстар жүргізу керектігін айтты. Сонымен қатар, аталған мәселені дер кезінде шешімін тауып, тұрғындарға мемлекеттік электр желісіне қосылу бойынша түсіндірілді.
© Didarbek.kz