Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, жас ұрпақтың туған жерге, өзі тұрып жатқан қала мен елді мекенге деген жанашырлығын қалыптастыруға бағытталған жұмыстарға көпшілік қолдау білдіруде, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарасу өзенінің бойында «Таза жағалау» атты экологиялық іс-шара өтті. Өзеннің жағалауын тазалауға әкімдік қызметкерлері, қала жастары, аудан тұрғындары қатысты. Науқан барысында өзен жағалауынан бөлек, жасыл желек қалпына келтірілді. Өзен бойындағы ит-мысықтар алаңы да тазартылды.
Тазалық акциясына Әл-Фараби ауданы бойынша 450 адам, 8 техника жұмылдырылған.
© Didarbek.kz