Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Aудан әкімі Азат Оралбаев тұрғындарды кезекті рет жеке мәселелері бойынша қабылдады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 6 человек, помост, отдел новостей и текст
Қабылдауға алдын ала жазылған тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар Бөржар көлі үстіндегі жайылым жер, ауыл ішілік мазаратқа бара жолды ретке келтіру, Қайнар ауылындағы егістік және суармалы жер, Амангелді ауылының газ, Ордабасы ауылының ауыз су, Дихан ауылындағы бастауыш мектептің жабылуы және коммуналдық тұрғын үй берудің кезектілігі мәселелерімен жүгінді. Ауданның зиялы қауым өкілдері тарапынан ауданның 60 жылдық мерекелік іс-шарасына ұсыныстар білдірді.
Возможно, это изображение 4 человека и текст
Қабылдау барысында аудан басшысы әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берсе, бірқатар мәселені шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, әр мәселені жеке бақылауға алатындығын атап өтті.
© Didarbek.kz

Пікір жазу