Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » «ШЫМКЕНТ-ШОУ» ТЕАТРЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ ӘБДІХАЛЫҚ ӘБДІРАЙЫМҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

«ШЫМКЕНТ-ШОУ» ТЕАТРЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ ӘБДІХАЛЫҚ ӘБДІРАЙЫМҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

Төлеби аудандық Мәдениет үйінде қазақ халқының біртуар ұлдарының бірі, ұлы ақын, сазгер, халықаралық, республикалық ақындар айтысының жеңімпаз-жүлдегері Әбдіхалық Әбдірайымұлының 63 жасқа толған мерейтой қуанышына орай шығармашылық кеші өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 2 человека
Салтанатты жиынға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев жүрек тебірентер шығармаларымен көпшіліктің жүрегіне жол тапқан Әбдіхалық Әбдірайымұлын мерейтойымен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
Сержан Дауылбайұлы аудан әкімі Төлеген Телғараевтың құттықтау хатын мерейтой иесіне табыс етіп, иығына шапан жапты. «Шымкент-шоу» секілді театрды құрып, аяғынан тік тұрғызып, қаншама таланттардың елге танылуына түрткі болған Әбдіхалық Әбдірайымұлымен бірге театр саңлақтары арнайы келіп, өнер көрсетті.
Возможно, это изображение 10 человек, свадьба, помост и текст
Шымкент қаласында алғаш рет «Өнер» мектеп-интернатын ашып, Кәрима Оралова, Еркебұлан Қайназаров, Нұрлан Есенқұлов, Қажымұхан Абзалов, Нұрлыбек Мейірманов, Қалижан Білдашов секілді айтыс тарландарын тәрбиелеп шығарып, 50-ден аса сахна саңлағына жол ашқан ұстазды аудан жұртшылығы ерекше ықыласпен қарсы алды.
— Айтыскер ақын ретінде еліміздің бүгінгі күнге дейінгі тарихы мен даму белестерін, жетістіктерін өлеңмен өрнектей білдіңіз. Халықтың көкейіндегі өзекті мәселелер де қозғап, бабалардан қалған ұлық өнерді қадір тұтатын жұртшылық Сіздің айтысыңызды тамашалап, кәусар жырдан нәр алуда. Сіздің өмір жолыңызды жастарға үлгі етіп, мақтан тұтамыз.
Возможно, это изображение 3 человека, кларнет, флейта, скрипка, помост и текст
Мерейтойыңызбен құттықтай отырып, өзіңізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жаңа шығармашылық табыс, отбасыңызға амандық тілейміз! Әр күніңіз шуақты, денсаулығыңыз қуатты болсын! Егеменді еліміздің игілігі, мұрат мүддесі жолында биік тұғырлардан көріне бергейсіз!, деді құттықтау сөзінде аудан әкімінің орынбасары Сержан Дауылбайұлы.
Шығармашылық кеште ақын шығармаларынан үзінді оқылып, «Шымкент-шоу» әзіл-сықақ театры 25 жылдық мерейтойына жаңа концерттік бағдарламасын ұсынды.
© Didarbek.kz

Пікір жазу