Қазығұрт ауданы әкімі Азизхан Исмаилов халықпен тығыз байланыс орнату, жекелеген азаматтардың өтініштерін, ұсыныс-пікірлерін тыңдау мақсатында Қазығұрт, Жаңабазар, Тұрбат және Қ.Әбдалиев ауыл округтерінен келген бірнеше тұрғынмен жеке қабылдау өткізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, тиісті бөлім-мекеме басшылары мен мамандары, жоғарыда аталған ауыл округі әкімдері қатысты. Аудан әкімінің қабылдауына келген тұрғындар ауыз су мәселесі, инфрақұрылым жүргізу мәселелері, кәсіпкерлікті қолдау, табиғи газ кіргізу, әлеуметтік көмек сұрау мәселелері төңірегінде сұрақтарын қойып, өтініштерін айтты. Аудан әкімі Азизхан Әзімханұлы барша сұрақтар мен өтініштерді тыңдап, нақты дәлелдермен заң аясында жауап беріп, тиісті бөлім басшысы мен ауыл округі әкіміне өтініштердің шешімін табуды тапсырды.
© Didarbek.kz