Aудан басшысы Арман Абдуллаев Ақжар ауылдық округіне барып, жылыжай, көпір, жол мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын бақылап қайтты, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жылыжайдың жылыту жүйесі және жылыжай жабындысын дайындау» жобасы бойынша қазіргі таңда Қытай Халық Республикасынан арнайы алып келінген тігін құрылғысы арқылы жылыжай ішіндегі жылуды қамтамасыз етуші жабылғы дайындалуда.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда 3,0 га жылыжай құрылысы жүргізілуде, жыл соңына дейін іске қосу жоспарлануда.
Сонымен бірге, аудан әкімі облыстық маңызы бар КХ-49 автомобиль жолының 25 шақырымындағы орналасқан Ақжар елді мекеніне кіре берісіндегі Ханым каналында жүргізіліп жатқан жұмыстармен де танысып қайтты. Еске салсақ, осы жылдың 11 шілдесінде «MARDEN GROUP» ЖШС құрылыс бойынша өз жұмыстарын бастап еді. Қазіргі таңда, айтарлықтай жұмыстар жасалынып жатқаны бірден көзге түсті.
© Didarbek.kz