Сызған ауылдық округіне қарасты Басбұлақ елді мекенінің тұрғындары «Таза Қазақстан» шарасы аясында тазалық жұмыстарын ұйымдастырып, шараға белсене атсалысуда, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тазалық жұмыстары кезінде Саңғыл би кесенесінің аумағын абаттандырып, ауыл маңын, тұрғын үй аулалары мен күре жолдың бойын ретке келтірді. Негізсіз өскен арам шөптер мен қураған ағаштар оталды. Арық-атыздардың арансын ашып, тұрмыстық қалдықтарды тазартты.
Тазалық жұмыстарына 80-ге тарта тұрғындар мен ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері атсалысты. Тазалыққа қажетті техникалар жұмылдырылып, елді мекеннің 3,3 шақырымды құрайтын ішкі көшелері тазаланды. 2,5 тоннаға жақын қоқыс қалдықтары шығарылды.
© Didarbek.kz