Полицейлер киберқылмыстардан сақтану үшін қырағылық таныту қажеттігі, ешбір жағдайда және қандай да бір сылтаумен белгісіз адамдарға өзінің және банк карталарының дербес деректерін хабарламау қажеттігі туралы ескертеді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері: қаскөйлер банк қызметкерлерінің атынан қоңырау шалып, ақшаны белгілі бір шотқа аударуға көндіреді немесе смартфонға жәбірленушінің ақшасын жымқыратын қосымша орнатуды ұсынады; ал, өзін полицей ретінде таныстырып, қылмыс жасаған жақын туысын жауапкершіліктен босату үшін белгілі бір соманы беруді сұрайды; сондай-ақ, әлеуметтік желілерді бұзу арқылы олар сіздің атыңыздан таныстарыңызға шұғыл ақша аударуды өтініп хабарлама жібереді.
Құқық қорғау органдары күдікті нөмірлерден түскен қоңырауларға жауап бермеуді, қажет болған жағдайда банкке қайта қоңырау шалуды ұсынады.
Осы жағдайлардың кез-келгенінде сіз қырағы болуыңыз керек. Егер алаяқтың арбауына түссеңіз, дереу полицияға хабарласыңыз.
© Didarbek.kz