Шәкір Асылханұлы бірқатар елдімекенді аралап, тұрғындармен кездесті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдымен аудан әкімі Шұғыла шағынауданындағы Дулатов көшесі 91-ші үйді су басу жағдайы бойынша зардап шеккен тұрғынымен кездесті. Кездесу барысында шығындары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, шешу жолдары қарастырылды.
Сонымен қатар, Қатынкөпір шағынауданы Алтысарин көшесінің тұрғын үй және кәсіпкерлік нысан иелеріне жауын кезінде су басуды алдын алу бойынша кездесу өткізіліп, бірқатар шаралар қабылданатыны жеткізілді.
Одан соң, Шәкір Сұлтанхан Ынтымақ-2 шағынаудан тұрғыны Балғабай Әшірімбетовтың мәселесі бойынша кездесті. Аталған кездесуге жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов қатысып, көшелерге асфальт төсеу, аяқ жолдар салу, жарықтандыру бойынша атқарылатын жұмыстар сараланды.
Сондай-ақ, аудан басшысы Ақжайық шағынауданына барды. Ондағы тұрғындардың мәселесі қоқыс алаңшасының орнын ауыстыру және қосымша спорт алаңшасын салу. Аталған шағымдарды Шәкір Сұлтанхан мұқият тыңдап, шешу жолдарын қарастырды.
© Didarbek.kz